Бейсенбі, 18 шiлде, 14:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қыз зорлау ісі бойынша ақталып шыққан блогер қайта сотталды

19.06.2024

499 0

Сурет:instagram.com

Сот қыз зорлады деп айыпталған блогер Думан Ерханатқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерханат қылмыстық кодекстің “зорлау” бабы бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін бұзып, блогерді ақтап алған.

«Қылмыстық іс материалдарын зерделеу барысында Ерқанаттың кінәсі дәлелденді. Қорғаушының уәждері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылды», – делінген жоғарғы соттың хабарламасында.

Осыған байланысты кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: