Жұма, 31 мамыр, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада әйел екі азаматпен заңды некеге тұрған: Бірінші күйеуі жұбайының барын 13 жылдан соң білген

17.10.2022

667 0

Бірінші күйеуі болған азамат бірнеше жылдан бері алғашқы некесін заңды түрде бұздыра алмай жүргенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап. 

Қызылорда тұрғыны Болатбек Жұмабектің айтуынша, ол 2001 жылы Дана Өтебаева есімді келіншекпен шаңырақ көтерген. Сол уақытта екеуі заңды некеде екенін растайтын куәлікті де алыпты. 5 жылдан соң араларында бала болмай, ерлі-зайыптылар екіге айырылған. Бірақ сот арқылы емес.

“2006 жылы әулеттің үлкендірінің келісімімен ажырастық. Ол басқа жаққа кетті. Содан бері хабарласпадық. Бірақ онымен әлі күнге дейін заңды некеде екенімді тек 2019 жылы білдім. Өйткені сол уақытта пәтер сатып алған едім”, — дейді Болатбек Жұмабек.

Осылайша Болатбектің Данамен некесінің заңды күшінде екені тек пәтер алар шағында белгілі болған. Сол үшін азамат АХАЖ бөліміне некесін бұздыртуға барыпты. Ал жауапты бөлімнен естіген мәлімет Болатбектің үстінен жәй түсіргендей болған.

“АХАЖ бөліміндегілер Дананың 2008 жылдан бері тағы бір еркекпен заңды некеде екенін айтты. Ол басқа облыста тұратын көрінеді. Балалары да бар. Мен ажырасайын десем, Дананы таппай жүрмін. Соның кесірінен өзім басқа әйелмен үйлене де алмаймын”, — дейді Болатбек Жұмабек.

Алғашқы әйелінің дәл қазір екі бірдей ер азаматпен заңды некеде тұрғанына Болатбектің өзі де түсінбей әлек. Оның айтуынша, АХАЖ бөліміндегілер некесін бұздыру үшін сотқа жүгіну керек деген. Ал сот Дананы тауып әкел деп кеңес берген көрінеді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мұндай жағдайдың жиі кездесетінін айтады.

“2001 жылы біріктірілген база болмады. Ақпараттар әр өңірдің өзінде ғана болды. Бұл кісінің әйелі басқа жаққа кетіп қалғанда оның алғашқы некесі туралы мәлімет шықпаған болуы керек. Бірақ біз Болатбектің заңды ажырасуына көмектесе аламыз”, – дейді аталған бөлімдегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: