Жұма, 26 сәуiр, 08:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада күріш өндіретін 6 компания өнім бағасын қымбат саудалаған

27.03.2023

313 0

Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне мониторинг және талдау жүргізіп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мониторинг барысында басты назар өңірде өндірілетін азық-түліктің өзіндік құнына аударылды.

Департаменттің талдау тобы күріш өндіретін ең ірі 9 кәсіпорынның баға белгілеу жұмыстарына талдау жүргізілді. Оның нәтижесіне сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық өкілдігі 6 күріш өндіретін компанияның бағаны көтеруі қаншалықты негізді екендігін білу үшін тексеру тағайындады.

“Өзге кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде саудалау үшін облыстың Тұрақтандыру қорына арналған күріштің килограмын 420-дан 350-ге дейін түсіруге келісті. Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің килограмын 350 теңгеден аспайтын бағада саудалау жұмыстары жергілікті органдар мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арасында қарастырылып жатыр”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда былтыр күріш 36%-ға қымбаттаған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: