Сейсенбі, 16 сәуiр, 16:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада магистратураға грантқа түсіріп беремін деп алдаған күдікті ұсталды

07.09.2022

787 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында магистратураға грантқа түсіріп беремін деп алдаған күдікті ұсталды.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы полиция бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданған. Күдікті азаматша бір жыл бұрын жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жоғарғы оқу орнына түсіріп беремін деп бірінен 600 мың, екіншісінен 800 мың теңге ақшаларын алдап алып кеткен.

Құрылған жедел-тергеу тобымен тұрғындарды алдап кеткен күдікті азаматшаны анықтап, ұстады. Тергеу барысында оның жәбірленушілерден алған қаражаттарын өз пайдасына жаратып жібергені белгілі болды. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: