Бейсенбі, 11 тамыз, 07:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (1868)
09.08.2022
PDF мұрағаты

Қызылордада нашақорлыққа қарсы күрес айлығы қорытындыланды

28.06.2022

14 0

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге орай Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс саябағында есірткіге қарсы кешенді акция өтті.

Іс-шара барысында  есірткіге қарсы насихатта ерекше көзге түскен азаматтар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған  концерттік бағдарлама барысында  тақырыптық театр және би қойылымдары, сондай-ақ Кинологиялық орталықтың қызметтік иттерінің жұмысы көрсетілді.

Концерттік бағдарламада  арнайы шақырылған қонақ, қазақстандық эстрада жұлдызы Мәди Қадыров өнерін көрсетті. Сонымен қатар, полиграфиялық есірткіге қарсы өнімдер және балаларға арналған ойыншықтар таратылды.

Аталмыш айлықты өткізу кезінде Полиция департаментінің  Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері ақпараттық-насихаттау жұмыстарын да ұйымдастырды. Облыс аумағында халық көп жиналатын жерлерде нашақорлық, қылмыстық жауапкершілік проблемалары туралы арнайы дайындалған плакаттар мен үгіт парақтары, сондай-ақ «сенім» телефоны туралы ақпарат ілінді, балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу іс-шаралары жүргізілді, кездесулер, спорттық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыз: