Жұма, 10 мамыр, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі 11 азаматтың бақылау мерзімі ұзартылды

25.12.2023

343 0

Фото: ҚАЖ департаментінен

Қызылорда облысы бойынша аудандық және қалалық пробация қызметтерінде 1000-нан астам азамат жазасын өтеуде. Олар пробация тіркелген күннен бастап, пробация қызметінің бақылауында болып, сотпен жүктелегн міндеттер мен жаза өтеудің шарттарын сақтау қажет. Есептегі тұлғалар арасында жаза өтеудің тәртібін бұзып, тіркеуге келмей, әкімшілік құқықбұзушылық жасағандар да бар.

Есептегі тұлғаларға пробация қызметінің инспекторларымен ескертулер беріледі. Жыл басынана 109 сотталғанға екі реттен көп ескерту берілген.
ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғаламат Құлмановтың айтуынша, 11 сотталғанның пробациялық бақылау мерзімі ұзартылған. Олар сотпен жүктелген міндеттерді орындамай, белгіленген күндері тіркеуге келмей, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. Пробация қызметімен олардың құжаттары дайындалып, пробациялық бақылау мерзімін ұзатру туралы сотқа ұсыныс жолданады. Сот қаулысымен пробациялық бақылау мерзімін 1 айдан 1 жылға дейін ұзартады. Жуырда пробациялық бақылауда бола тұра әкімшілік құқық бұзушылық жасаған есептегі тұлғаның жаза мерзімі, сот қаулысымен 1 айға мерзімге ұзатылды. Есептегі тұлғалармен профилактикалық жұмыстардың жүргізілгеніне қарамастан, қайта қылмысқа барып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да кездеседі. Есептегі азаматтар арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, тәрбиелік жұмыстардан нәтиже шығармай, пробация инспекторларының ескертулеріне құлақ аспаған азаматтарды пробация қызметінің ұсынысы негізінде сотқа жолданады. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберіледі. Жыл басынан пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған 34 азамат жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді, – дейді әділет майоры Ғаламат Құлманов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: