Жұма, 29 наурыз, 09:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандар арасында әдеби-сазды кеш өтті

28.09.2022

583 0

ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде сотталғандар арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби сазды  кеш өтті. Мекеменің тәрбие бөлімі мен «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға  20  сотталған қатысты.

Сотталған азаматтар арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараны  мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Абай Битаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Әдеби кеш «Жазылар естеліктер мен туралы», «Поэзия- жүрек тілі», «Аққудың қанатына жазылған сыр», «Құлақтан кіріп бойды алар» бөлімдерінен тұрды. «Жазылар естеліктер мен туралы» бөлімінде ақынның өз өмірі жайлы бейнебаян көрсетілді. «Поэзия- жүрек тілі» бөлімінде ақынның «Фариза», «Шеше сен бақыттысың», «Арыз жазып кетейін», «Поэзия»  өлеңдерін жазасын өтеушілер  мәнерлеп оқыды. Ақынның сөзіне жазылған «Қайран жеңгем», «Сенің көзің» әндерін жанды дауыста нақышына келтіре орындады.

Әдеби сазды кешке қатысқан сотталғандар  әсерлі де тартымды өткен поэзия кешінен  рухани азық алды. Белсене қатысқан жазасын өтеушілерді «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігі дипломмен марапаттап,  естелік сыйлық  тарту етті.

 «Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар. Ақынның өлеңін бала күнімнен оқимын, бірнеше өлеңін жатқа да білемін. Ақын өлеңдерін оқығанда жай оқымай, ол өлеңнің түпкі мағынасын түсініп, сезініп, жүрекпен оқу керек. Бүгінгі кеште ақынның «Өмір жайлы» өлеңін оқыдым. Керемет әсер алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: