Сенбі, 20 сәуiр, 14:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада төлем терминалдары мен сейф ұрлағандар ұсталды

03.05.2023

343 0

Қызылордада бірнеше дүкендерге ұрлыққа түсіп, ондағы төлем терминалы мен сейфтен ақша ұрлаған екі азамат ұсталды.

Екі қызылордалықтың бұл қылмыстардан бөлек басқа да ұрлық жасағандарын полицейлер бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы дәлелдеді. Бірнеше ұрлық қылмыстарына күдіктелген екі азамат бұдан бөлек ойын орталығына да ұрлыққа түскен. Орын алған ұрлық қылмысы жөнінде ағымдағы жылдың 29 сәуір күні полицияға арыз түскен. Ойын орталығының қызметкері өзінің арызында белгісіз азаматтардың пластик терезені бұзып кіріп, 4 дана «Playstation» және 10 дана джостик құралын ұрлап кеткендігін айтқан.

Күдіктілерді полицейлер бейнекамералар арқылы анықтады. 32 және 33 жастағы қала тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар тәркіленді. Оларға қатысты бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тексеру барысында ұрланған ақшаларды бас пайдаларына жаратқандығы анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер бірнеше ұрлық қылмыстарына күдіктелген азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: