Жексенбі, 05 мамыр, 23:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер кезекті жеңістеріне қол жеткізді

13.02.2023

521 0

 11 ақпан Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей Федерациясы ІІМ-нің басқармасы және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінімен «Динамо 100 жылдығына» орай самбо күресінен  қызмет салалары  арасында ашық турнир өткізілді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ. Нұртай, «Байқоңыр» қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгин және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Құқық қорғау органдарының, қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінің басшылары қатысты. Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өткен болатын. Аталмыш чемпионатқа Қызылорда облысы Полиция департаменті құрамасы атынан қатысып 1 орынды иеленді.

Оқу жаттығу взводының  қызметкерлері  полиция капитаны Ержан Абдуллаев  98 килограмм салмақ категориясы бойынша, полиция капитаны Тайбағаров Алмат 88 килограмм салмақ категориясы бойынша, полиция майоры Жалғасбаев Қайрат 71 килограмм салмақ категориясы бойынша және

Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері полиция капитаны  Леденев Борис 98 + килограмм салмақ категориясы бойынша, полиция капитаны Үсенбекұлы Руслан 79 килограмм салмақ категориясы бойынша, полиция аға лейтенанты Қарамерген Нұрсұлтан 64 килограмм салмақ категориясы бойынша.

Жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлер дипломен, кубоктармен, медальдармен марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: