Бейсенбі, 28 қараша, 09:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

15.09.2021

480 0

Ведомствоаралық үйлестіру мен құқықтық насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ҚАЖК-мен бірлесіп, пенитенциарлық жүйе қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар арасында есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық заңнаманың новеллалары туралы құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Есірткіге теріс қатынасты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған топтық және жеке әңгімелер жүргізілді. Қызылорда облысының аумағында барлығы 3 мекеме орналасқан: ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5, онда 1147-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Оның 147-сі есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемесінде. Полиция департаменті ескертеді: есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдалану тәсіліне қарамастан оларға Қазақстан Республикасында тыйым салынған. Ал заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: