Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар қоғамдық жұмыс арқылы жазаларын орындауда. Атап айтқанда, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұзақылық әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, оған 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.
Ол Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі қоғамдық орындарға зиян келтірген. Атап айтқанда, жарықшамдарды сындырып, мүліктік шығын келтірген.
Қазіргі таңда сотталған азамат жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда тазалық және жөндеу жұмыстарымен айналысып, жазасын өтеуде. Заңға сәйкес, ол күніне 4 сағаттан аспайтын уақыт аралығында жұмыс істейді.
Қармақшы аудандық пробация қызметі сотталған азаматтардың жазасын өтеу барысын қатаң бақылап, қадағалауда ұстайды. Қазіргі уақытта пробация қызметінің есебінде қоғамдық жұмысқа тартылған 2 азамат және мәжбүрлі еңбекке тартылған 18 сотталған бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!