Жексенбі, 28 сәуiр, 10:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық тұрғын жалған банкноталармен сауда жасаған

26.04.2023

402 0

Жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісімен анықталған қылмыстық істің тергеуін ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті аяқтап, іс материалын сотқа жолдады.

Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20000 теңгелік бірнеше банкноттарды сақтағаны және оларды жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды.

Заттар сатып алып, құны 20000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған. Азамат өз кінәсін толық мойындады.

Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшалардың принтерде басып шығарылғандығы анықталды.

Айта кетейік, ҚР ҚК-да бұл қылмыс үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылық көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: