Сейсенбі, 26 қараша, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Самса ішінен флешка табылды

06.01.2023

644 0

05.01.2023 жылы жергілікті уақытпен сағат 18 : 50 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінде ( тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын кесіп, құқық бұзушылыққа жол бермеді.

Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ болған Ә. Есімді азамат, мекеме қамауында отырған, ҚР ҚК- нің 188- бабы 3- бөлігі 1- тармағымен айыпталушыға сәлемдеме әкелген досы болып шықты. Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем-сауқаттарды жіті қадағалау барысында, ыстық тағамының ішінен фольгаға оралған 1 дана флешканы жасырып қойғанын анықтады.
Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: