Құрылтай

Бейсенбі, 09 шiлде, 01:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Кім оқиды демеңіз…

09.07.2026

23 0

Газет тағдыры оқырманға байланған. Ойлы оқырман көп болса,  баспасөздің бағы жанғаны. Оқырманы көп басылымның мәртебесі де биік. Жылына екі рет газетке жазылу науқаны кезінде қалай болар екен деп қобалжитынымыз шындық.

Себебі белгілі. Қазір алақандағы смартфонды көрсетіп, «газетті кім оқиды» деп қысқа қайыратындар бар. Газет оқымайды дейтіндердің өз сөзіне нақты дәлелі де жоқ. Олар арнайы зерттеу жүргізбегені де белгілі. Тек қолындағы смартфонға сүйеніп, ойланбай айта салғаны ғана. Орайы келгенде, өз тәжірибемізден айта кетейік. Өткен жылы демеуші арқылы біраз адамға газетті тегін жаздырып бердік. Олардың қуанғанын көрсеңіз. Қайта-қайта қоңырау шалып, күн сайын пікір білдіріп, алдағы уақытта газет оқудан қол үзбейтінін айтып, алғысын жаудырумен болды. Демек, газет оқылады екен. Тек жазылуға келгенде немқұрайлылық танытамыз.

 Бүгінде жастың да, кәрінің де қолында смартфон. Оның ішінде іздегеніңнің бәрі бар. Алайда «жас буын смартфоннан не іздейді, не көреді?» деген сұраққа әлі де бас қатыра қоймағанымыз шындық. Пайдасымен қоса, зияны да орасан екенін білсек те селқоспыз.  Өткен жылы «Адам дамуы мен қабілеттері туралы» жаһандық журнал балаларға 13 жасқа дейін смартфон қолдану зиян екенін жариялады. Зерттеу нәтижесі телефонға телмірген балалардың психикалық дамуына кері әсері бар екенін анықтаған. Яғни жеткіншектер жиі күйзеліске ұшырап, агрессивті мінез танытады, ұйқысы бұзылады, тіпті суицид туралы ойлау жиі байқалған. Жүз мың бала қатысқан зерттеу жұмысынан соң сарапшылар жеткіншектерге смартфон беруді шектеу қажеттігін ұсынған. Осы ақпарат сізге қалай әсер етті? Ел болашағын сақтау үшін қандай қадам жасар едіңіз? Жас буынды бір сәт кітап, газет-журнал оқуға, тіпті өз ойын қағаз бетіне түсіруге тәрбиелегіңіз келсе, өзіңіз үлгі болыңыз.

Жылдың екінші жартысын 3000-аса оқырманмен қарсы алып отырмыз. Смартфонға тәуелділік басым уақытта, қазақ баспасөзін қолдап, газетке жазылған ойлы да, сергек оқырманға алғысымыз шексіз! Газетке жазылып ғана қоймай, хат жазыңыз, ой бөлісіңіз, құрметті оқырман! Сіздің пікіріңіз біз үшін қымбат!

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: