Сәрсенбі, 24 сәуiр, 23:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Шекара шебіндегі қырандар

20.08.2022

920 0

Ел шебін күзету – жігіт біткеннің арманы. Бірақ мұндай бақ барлық азаматтың басына бірдей қона бермейді. Қазақтың сайын даласы ұшқан құстың қанаты, шапқан тұлпардың тұяғы талатын Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр атырапты алып жатыр. Үш жүздің басын құраған, Алаш баласының арманын бір арнаға тоғыстырған атақты Абылай хан хақында түсірілген «Көшпенділер» фильмінде біздің территориямызды былайша бейнелейді. «Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр алқап – көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бері ірге тепкен Ата қонысы. Ұлан ғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы – қазақтың алтын бесік ата жұрты». Міне, осы киелі атажұртымыздың, қастерлі атамекеніміздің шебін қорғау бақыты шекарашыларға бұйырған.

18 тамыз – шекарашылар күніне орай Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Шекара қызметінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орын­басары Серік Қожаниязов, ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы, пол­ковник Айдар Айымбетов, әскерилер мен қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанат басталғанда әскерилердің құрметті сабымен мемлекеттік ту әкелініп, еліміздің әнұраны шырқалды.

Шекарашылардың кәсіби мерекесінде облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Айдар Айымбетов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіз білдірді.

Салнатат соңы қала өнерпаздары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Шара барысында шекара қызметінің 30 жыл­дығына орай әскерилер мен бірқатар азаматқа кезектен тыс әскери шен мен арнайы төсбелгі, сондай-ақ алғыс хаттар берілді.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: