Сенбі, 13 шiлде, 16:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55-2065
13.07.2024
PDF мұрағаты

Шетелдіктер Каспий теңізі арқылы Қазақстанға есірткі тасымалдап отырған

31.03.2023

638 0

Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастырған шетелдіктер ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, комитет қызметкерлері Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін тексерді.

“Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланған”, – делінген ведомство хабарламасында. 

2023 жылғы 26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.

“Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілді. Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылды. Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 кг-дан астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылды. Осы іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізілуде”, – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: