Сейсенбі, 30 сәуiр, 18:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сот жүйесінің ашық әрі қолжетімділігі артып келеді

21.07.2023

209 0

Бүгін қалалық соттың 2023 жылдың I жартыжылдығындасот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары және медиация бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына Қызылорда қалалық сотының төраға міндетін атқарушы Н.Төлеш, қалалық сот әкімшісі басшысы Н.Дуйсенова қатысты. Олар азаматтық істер жөніндегі сот төрелігін жүзге асыру қорытындылары бойынша баяндама жасады.

Жыл басынан бері қалалық сотқа 5108 талап қою мен 140 азаматтық іс түскен. Бұл көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда біршама өскендігін аңғартады. Ал биыл аяқталған азаматтық істердің саны 3352  істі құрайды. Есеп беру мерзімінде шығарылған 1728 шешімнің 1604 бойынша талап қанағаттандырылған. Ал 124 шешім бойынша талап қою ісі қанағаттандырылмаған. Сондай-ақ, сот бұйрығын қабылдау арқылы 574 азаматтық істер қаралып, 2022 жылдың 6 айында сот бұйрығын қабылдау арқылы 523 азаматтық істер қаралған.

Неке және отбасы қатынастарынан туындайтын даулар бойынша 1009 талап қою (2022 ж 6 айында – 966) түскен. Оның ішінде 471-іне шешім қабылданып,  458-і қанағаттандырылған.

        Тұрғын үй қатынастарынан туындайтын даулар бойынша 22 талап қоюлар (2022 ж 6 айында – 12) түскен. Есептік мерзімде 15 азаматтық іс (2022 ж 6 айында – 16 іс) қаралған. 8 іс бойынша шешім қабылданған, оның ішінде 8-і қанағаттандырылған.

         Жер қатынастарына байланысты даулар бойынша 2023 жылдың 6 айында 161талап қоюлар (2022 ж 6 айында – 40) түскен. Көрсетілген мерзімде 49 азаматтық іс (2022 ж 6 айында – 24 іс) қаралған. 19 шешім қабылданған, оның ішінде 4 іс қанағаттандырылған, 15 іс  қанағаттандырусыз қалдырылған.

         Еңбек даулары бойынша 53 іс (2022 ж 6 айында – 47 іс) қаралған.  2023 жылдың 6 айында 77 талап қою (2022 ж 6 айында – 71) түскен. 35 шешім қабылданып, 22 қанағаттандырылған, 13 қанағаттандырусыз қалдырылған.

         Заңдық маңызы бар фактісін анықтау туралы  167 іс (2022 ж 6 айында – 182 іс) қаралған. 2023 жылдың 6 айында 226 талап қоюлар (2022 ж 6 айында – 224) түскен. Оның 149-ына шешім қабылданған.

         Меншік құқығын тану жайлы есептік мерзімінде 77 талап қою түскен. 2023 жылдың 6 айында 44 іс қаралған, 29 шешім шыққан, оның ішінде 21-і қанағаттандырылып, 8-і қанағаттандырусыз қалдырылған.

Дауларды реттеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдірудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың басым бағыттарының бірі – татуластыру рәсімдерін дамыту болып табылады.

Сотпен аталған кезеңде татуластырушы-судьяның қарауымен 278 іс медиация тәртібімен аяқталған. Сонымен қатар 11 азаматтық іс бітімгершілік шартпен, 111 азаматтық іс медиация тәртібімен және 3 іс партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталған. Ал, салыстырылып отырған 2022 жылдың 6 айында 13 іс бітімгершілікпен, 272 іс медиация тәртібімен, 2 іс партисипативтік рәсім тәртібімен яғни барлығы 287 іс татуласу рәсімдерімен аяқталған болатын.

Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызады.

Сондай жобаның бірі «Сот кабинеті» сервисі болып табылады. Ол азаматтарға сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Расында, бұл сервистің бүгінгі күннің заманауи талаптарын толық қанағаттандырып отырғаны байқалады. Талап қоюлар мен өтінішхаттардың сот кабинеті арқылы түсуі: өткен 2022 жылдың 6 айында 7046 талап қоюлар мен басқа да құжаттар сот кабинеті арқылы түскен болса, ал 2023 жылдың 6 айында 8758 талап қоюлар мен басқа да құжаттар сот кабинеті арқылы түсіп, тіркеуге алынған.

Бүгінгі күні татуласу рәсімдерімен аяқталған істердің сандарын көбейту бағытындағы жұмысты жандандыру барысында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық сотымен жасалынған жұмыс жоспарына сәйкес татуласу рәсімдерін халық алдында насихаттау үшін тиісті құзырлы мекемелер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, оқу сабақтары өткізіліп, БАҚ арқылы мақалалар жарияланды.

Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: