Жұма, 03 мамыр, 13:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар ақындармен кездесті

08.11.2022

585 0

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы 68 республикалық мемлекеттік мекемесінің АКАПТЖБ – нің қызметкерлері сотталғандар арасында ақынмен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге ҚР Журналистер Одағының мүшесі « Әлімсақ» журналының жауапты хатшысы «Баспалдақ» өлеңдер жинағының авторы « Сыр Үміті» сыйлығының лауреаты ақын Айдар Әділжанұлы Сайлауов арнайы шақыртылды.

Бүгінде поэзияда өзіндік бет- бейнесін қалыптастырған ақын Айдар Әлімжанұлы өзімен бірге жас ақын жігіттерді ерте келіпті.

Кездесу барысында алдымен жасақ бастығы, әділет капитаны Н.Ниязов сотталғандарға келген қонақтарды таныстырып өтті.

Одан соң, ақындар кезек-кезек өлең оқып, сотталғандарды терең ойға жетеледі.

Айдар ақынның « Күлше» « Қара қағаз» « Тұз бен қыз» « Сол жағалау» « Шаң» деген тақырыптағы және жас ақындардың махаббат лирикалары жазасын өтеушілерге жағымды әсер берді.

Арқалы ақын мен талантты жастардың өлеңдерін бар ынталаларымен тыңдаған сотталғандар, қол шапалақтап,ақындарға құрмет білдірді.

Сұрақтар қойып,өзара диалог орнатты.Өз тараптарынан пікірлерін білдірді.

Соның бірі, Ш. есімді сотталған іс-шарадан алған әсерін былайша жеткізді.Өлең деген тумайды жайшылықта демекші, мен осында түскелі бері өлең жазатын болдым. Ол өлеңдер өмір туралы, сатқындық, адалдық, сағынышқа толы әр сәттегі көңіл-күйімнен туған жырлар. Бүгінгі ақындармен кездесу маған шабыт сыйлады. Өлеңді қалай жазу керектігі жайлы біраз ой түйдім. Келген қонақтарға, кездесу ұйымдастырғаны үшін жасақ бастығына да, алғысымызды білдіремін.- деді.

Ия, бұл өткізілген поэзия сағатының темір тордағылардың тәрбиесіне игі әсері болды деп ойлаймыз.

Өйткені, Мағжан сенген «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жас ақын азаматтардың , өз-өзін ұстауы, сөз саптауы, «адасқан» жандарға жағымды әсер беріп, өлеңдеріндегі өрнекті иірімдері мен салмақты сөздері ізгі ойларға жетелегені анық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: