Бейсенбі, 28 наурыз, 21:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында топтық сайыс өтті

16.05.2023

540 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандарының ұйымдастыруымен сотталғандар арасында «Үздік психологиялық газеті» атты топтық сайыс өткізілді.

Бұл сайыстың негізгі мақсаты – жазасын өтеуші азаматтарды ұйымшылдықпен берілген тапсырманы орындап, көздеген мақсатына жету үшін өз ойларын қағаз бетіне сурет арқылы бейнелеп жеткізу қасиетін дамыту.

Аталған сайысқа Қызылорда облысы «Ақниет ақпараттық – насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының психологы А.Аяғанова қатысып, топтық сайысқа төрелік етті.

«Үздік психологиялық газеті» топтық сайысына сотталған азаматтар белсене қатысып, өздеріне берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындап, өз ойлары мен ішкі сезімдерін толық жеткізе алды.

Қорытындылау барысында әділ қазы алқасы сайысқа белсене қатысқан топтарға алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: