Бейсенбі, 02 мамыр, 16:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар мұражай қорындағы құнды экспонаттармен танысты

14.02.2023

397 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері мекемедегі сотталғандарды облыстық тарихи- өлкетану музейіне алып барды.
Олар музей қорындағы баға жетпес дүниелердің тарихымен танысты. Тамыры тереңде жатқан, небір құнды жәдігерлер сақталған музей 14 көрме залынан тұрады.

Музей қызметкері сотталған азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып, археология, этнография, өнер мен әдебиет, өлке тарихы, Тәуелсіз Қазақстан және Облыстық ауыл шаруашылығы мен экономикасының дамуы залдары туралы мол мағлұмат берді. Экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттармен жақын танысқан сотталған азаматтар музей қызметкеріне ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: