Жұма, 10 мамыр, 03:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар желтоқсан құрбандарын еске алды

20.12.2022

540 0

Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемалекеттік мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай спорттық іс- шара өтілді.

Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл спорттық іс- шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскері Ж.Оңталап пен Ғ.Мәмедкәрім келіп, төрағалық етті.
Шара барысында алдымен, жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Ниязов іс-шараны ашық деп жариялап, тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.Мемлекеттік әнұран орындалды.

1986 жылғы оқиға зардабынан запа шегіп, қаза болғандарды еске түсіріп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Одан соң, сотталғандар турниккке тартылу, арқан тарту мен кір тасын көтеріп, жарысқа түсті. Жарыс қызықты өтті. Қорытынды нәтижиесі ретінде, көтермелеу мақсатында марапаттаулар болды.

«Бұл жарысты қылмыс жасаған азаматтарды түзелу жолына бағыттау мақсатында өткізіп отырмыз. Бас бостандығынан айрылған азаматтардың ой-өрісін психологиялық тәрбиелеу және еңбекке баулу мен әртүрлі спорттық шараларға қатыстыра отырып тәрбиелейді. Спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп,бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады» – дейді бөлім бастығының міндетін атқарушы Н.Ниязов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: