Бейсенбі, 28 наурыз, 16:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Тілі басқа, тілегі бір

07.09.2022

874 0

Елімізде қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстан полициясының дамуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдері баршылық. Олардың қатарында қазақ, орыс, кәріс ұлтының өкілдері бар. Солардың бірі – Петров Афанасий Игоревич. Ұлты – молдаван. Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторы бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі № 187 орта мектептің полиция инспекторы. Отбасында төрт баланың кенжесі. Әкесі майор шенінде зейнеткерлікке шыққан құқық қорғау саласының қызметкері.
​ «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, полиция офицерінің отбасында туған Афанасий мектепті бітірген соң, көп ойланбастан әке жолын қуып, сара жолды жалғауда.
​ Отан алдындағы ант пен халықтың тыныштығы үшін бар қажыр-қайратыңды, біліміңді салып, қызметіңді абыроймен атқаруға тырысасың. Төккен тер әрқашан жеміс береді, – дейді Афанасий.
​Өзінің жеке өмірінен халықтың тыныштығы мен амандығын бірінші орынға қоя білген, сонымен қатар өз міндеттерін атқару барысында ынта мен қырағылық танытатын полиция қызметкері, өзге ұлт өкілі, қазақ тілін жетік меңгерген Афанасий құрметке әбден лайық. – Әкем әрқашан барлық бастамамды қолдады. Ол «жақсы маман болу үшін адам өз жұмысына адал болу керек” деп айтып отырады, – деп өз сөзін аяқтады.
​Дегенмен ұлты өзге болса да бірлігімізді нығайтуға еңбек сіңіріп жүрген парасатты полицей келешек балаларын құқық қорғау саласында қызмет етпесе де, қазақ еліне,жеріне пайдасы тиер азамат қылып тәрбиелеп өсіретінін алға тартады. Ендеше Афанасийдің қазақ полициясының дамуына сіңірген ерен еңбегі құрметке бөленіп, ел үшін елеулі іс тындырып, тұлға болып қалыптасуына бізде тілектеспіз.

Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: