Жұма, 10 мамыр, 06:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті: демалыс орындарына өзінмен бірге тамақ пен сусын алып кіруге болады

24.05.2023

701 0

Елдегі демалыс орындарына кез-келген адам өзімен бірге тамақ пен сусын алып кіре алады. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті осыны еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кез-келген азамат елдегі демалыс аймақтарына тамақ пен сусын алып кіре алады. Бұған тыйым салу заңсыз. Бұл туралы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баренов айтты. Айтуынша, қолыңыздағы сусын мен тағам – тұтынушының жеке заты. Оның қолыңыздан алып алуға ешкім шектеу қоя алмайды екен. 

«Егер демалыс орнына кіру үшін арнайы билет сатып алған болсаңыз, қолыңызда төлем жасағаныңыз туралы чегіңіз бен билетіңіз болса, онда сіз сусынмен, тамақпен кіруіңізге толық құқыңыз бар”, – деді Рамазан Баренов. 

Сондай-ақ ол тұтынушылардың дәл солай кріуіне тыйым салса, онда бірден арыз жазуға болатынын да айта кетті. Тіпті бұл үшін кәсіпкерлер Әкімшілік кодекстің 163-бабы 2-бөлігі (Жосықсыз бәсекелестік) бойынша жауапқа тартылады. Яғни 690 мың теңгеден 5 миллионға дейін айыппұл төлейді екен.

Сондай-ақ азаматтарға Ұлттық банк өкілдері де мәлімдеме жасаған. Яғни кәсіпкерлер майда тиынды қабылдаудан бас тартса, оның ішінде 1, 5, 10 теңгелік монеталарды, онда сол бойынша да заң жүзінде жауапқа тартуға болатынын айтып отыр. Сондықтан ведомствадағылар тұтынушыларға өз құқықтарын біліп жүруге, таптатпауға кеңес береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: