Сәрсенбі, 24 сәуiр, 17:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Үйден 40 мың евро ұрлаған қарақшылар ұсталды (видео)

04.11.2022

574 0

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел «102» арнасына 54 жастағы қала тұрғыны арызданған болатын. Белгісіз біреулер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезесін күштеп ашып кіріп, жатын бөлменің ішіндегі керует астынан 40.000 Евро ақшасын, «Samsung Galaksi TAB S-7» және «Samsung S-9» ұялы телефондарын қолды еткен.

Басқарманың Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұл іске  қатысы бар күдіктілер -екі сыбайлас 29 және 30 жастағы қала тұрғындары анықталып, облыс орталығында құрықталды. Күдіктілерден айғақты заттар алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 4 бөлігімен (Адамдар тобының   алдын – ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық ) сотқа – дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты сот санкциясымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

                           Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

Қарақшылардың құрықталуы туралы видео сілтемеде: https://youtube.com/shorts/OxdivRit6CI?feature=share

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: