Сенбі, 20 сәуiр, 15:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Ұжым бірлігін арттырған сенбілік

21.05.2023

366 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты 68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері кезекті сенбілікке шықты

Мекеменің кадр саясат тобы ұйымдастырған бұл сенбілікке жеке құрам жігіттері мен ерікті жалдамалы қызметкерлері қатысты

Демалыс күндеріне қарамастан, олар мекемеге кешікпей, күнделікті жұмыс уақытында келді.

Шараны ұйымдастырушы аға инспектор М.Тұрымбетов қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп , келгендерді екі топқа бөліп, тапсырмалар берді.

Нәзік жандылар мекеме ауласын сыпырып,күл- қоқыстан тазартты.

Ер азаматтардың бірі арнайы шөп оратын құралмен арам шөптерді орды.

Енді біразы қарап тұрмастан екі қолға бір күрек деп, күрек,кетпендерін алып, төңіректегі өсіп кеткен ұзын қамыстарды шауып тастады.

Білек сыбана кіріскен ержігіттер әп-сәтте мекеме аумағын шөп-шаламнан тазартып, төңірекке тың көрініс сыйлады.

Осылайша , қажыр- қайратты жеке құрам жігіттері күш қуатын қоғамдық жұмысқа жұмсап, белсенділік танытты.

Бір үйдің баласындай бірігіп жұмыс істеген тергеу изолятор қызметкерлері өз жұмыс аумағындағы тазалықтың сақталуына ат салыса отырып, экологиялық мәдениет деңгейін арттырды.

Мамыражай мамырдағы сенбілікті сырттай қадағалаған мекеме басшылығы , ұқыпты , тиянақты етіп жасаған жұмыстары үшін ұжымға разылығын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: