Жұма, 19 сәуiр, 15:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жас жеке құрам қызметкерлері қарттар үйіне барды

18.11.2022

479 0

Қылмыстық-атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы комуналдық мемлекеттік мекемесіне концерттік нөмермен барып, қам көңіл жандардың көңілін аулап қайтты.

Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен болған бұл іс-шараның мақсаты – жас қызметкерлерді адамгершілік қасиеттерге, мейірімділікке баулу, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ имидждік сипатты арттыру болып табылды.

Концерттік бағдарламаны дикциясы тамаша мекеменің кадр саясаты жөніндегі аға инспекторлығына жаңадан тағайындалған сержант Даулитиярова Жаннұр жүргізді.

Қатардағы жауынгер Балғынбай Аянбек, Қадырбекқызы Нұрзия және кіші сержант Әбдішүкір Асылжан әке мен ана , туған жер туралы патриоттық және лирикалық әндерді шын жүректен шырқады.

Қарттар әуезді әндерін ықыласпен тыңдады. Тіптен, өздері де қосылып ән шырқап, би биледі.

Жеке құрамды бастап барған, кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік дене шынықтыру жөніндегі инспекторы аға лейтенант М.Тұрымбетов өткізілген іс- шара жөнінде төмендегінше баяндап берді.

Жастар аға буынмен тез тіл табысып кетті. Өздерін таныстырып, қарттардың өткенінен қызықты әңгімелерді тыңдады.

Сондай-ақ, пансионат бөлмелері мен зейнеткерлердің демалыс орындарын аралады.

Естелік ретінде апарған сыйлығымызды мекеменің директордың әлеуметтік істері жөніндегі орынбасары Аққалиев Азиз Жазықбайұлына тапсырдық. Қарттар үйінің атмосферасы жастардың жүрегін елжіретті. Олар өз сезімдерін былайша жеткізді.

Жасы үлкен кісіні сыйлау, құрмет көрсету ата-аналарымыздан көріп өскен тәрбиеміз. Батаменнен ер көгерер демекші, бүгінгі қамкөңілді қариялардың батасын алу мерейімді өсірді. Ақшашты апа-аталарымыз, әнімізді тыңдап біраз серігіп қалды.

Өзгеге қуаныш сыйлап, мейірімді танытуды перзенттік парызым деп санаймын.

ҚАЖ қызметкері қызметте ғана емес, шынайы өмірде де, жан-жағына үлгі көрсете білетін азамат болу керек.

Сондықтан еліміздің жас азаматтарын қайырымдылыққа үн қосып, алдыңғы буын ата- әжелерге, апалар мен ағаларға ізет көрсетіп жүруге шақырамын – деп, лебізін білдірді қатардағы Балғынбай Аянбек.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: