Дүйсенбі, 06 мамыр, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жатақхана коменданты студенттерге несие алдыртқан

31.01.2023

459 0

Жетісу облысында бірқатар алаяқтық жасады деп күдікке ілінген жатақхана комендантына қатысты тергеу басталды деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Талдықорған полициясына алаяқтық фактілері бойынша арыздар 2022 жылдың қазан айында түсе бастаған. Тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен студенттік жатақханалардың бірінің комендантын ұстады.

Қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық істі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-тармағының 3-бөлігі Алаяқтық бойынша жүргізілді.

Комендант әйел ел бойынша үш банкте және бірнеше микрокредиттік ұйымдарда тауарлы-ақшалай несиелерді рәсімдеген. Принтер, теледидар, кондиционер, ұялы телефон, т.б. тауар алынды.

“18 жәбірленуші бар, олардың негізгі бөлігі – студенттер. Залал шамамен 16 млн теңгеден асады. Жақын арада сотқа жіберу үшін материалдарды дайындаймыз”, – деді Талдықорған ҚП бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: