Жұма, 29 наурыз, 06:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлықты жою ортақ мүдде

30.07.2022

608 0

Достық үйінде «Жол құрылыс инфрақұрылымы және жолаушылар тасымалы саласындағы жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Жиынға «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі атқарушы директорының орынбасары Нұрлыбек Мұқанов, облыстық мәслихат хат­шысы Наурызбай Байқадамов және басқарма басшылары мен әр деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері мен бірқатар кәсіпорын басшылары қатысты.

Республикалық бірлестіктің негізгі мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыру. Сонымен қатар осы бағытта қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға көмек көрсету. Бұл алғашында бірлестік бағытында құрылып, бүгінде 17 аймақта филиалдары жұмыс істейтін ауқымды қоғамдық институтке айналды.

Қоғамдық ұйым бастамасымен тамыз айында «Әділдікті талап ет!» республикалық акциясын жүзеге асыру жоспарлануда.

Бірінші кезеңде автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтай отырып, автожол саласының проблемаларына назар аударуға басымдық берілуде.

Қоғамдық құрылым басшысы Н.Мұқанов өз кезегінде республикалық акцияның мақсаты мен алдағы жоспарларын таныстырып өтті.

Сонымен қатар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П. Шамұратов хабарлама жасап, өңірдегі автомобиль жолдарының сапасын жақсарту жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: