Жексенбі, 28 сәуiр, 16:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері көбейеді

22.02.2023

746 0

Енді көліктің терезесі мен люгінен шыққандар жазаға тартылады. Елімізде жылдамдықты асырып, жол ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерге жаңа айыппұлдар енгізіледі деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы.

Әділет министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады.

592-бапқа өзгеріс енгізіледі. Белгіленген мөлшерден жылдамдықты сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырса, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 69 мың теңге айыппұл төлейді. Ал жылдамдық белгіленген мөлшерден сағатына 80 немесе одан да асса, онда 138 мың теңге айыппұл салынады. Жүргізуші бір жыл ішінде ережені екінші рет бұзса, айыппұл көлемі 207 мың теңге болады.

Сондай-ақ, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғандарға, яғни жүріп келе жатқан көліктің есігін ашқандарға, терезесі мен люгінен шыққандарға да жаза қолданылады деген жаңа тармақ енгізілді. Бұл үшін 34 мың 500 теңге айыппұл қарастырылған. Сонымен қоса, көлікті жаяу жүргіншілер жолына қалдыру немесе жүру, қарсы бағытқа шығу бойынша айыппұл көлемі 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 103 мың теңгедей болмақ. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы 13 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: