Сенбі, 27 сәуiр, 06:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қасиетіңнен айналайын, қара бура

07.05.2021

1863 0

Қазақ түйені киелі жануарлардың қатарына жатқызады. Мұхаммед пайғамбардың түйемен жүргені белгілі. Сондай-ақ Желмаясына мініп жер шалған Асан қайғы да Жерұйықты түйемен іздеген. Суретшілер сар даланы қобызымен күңіренткен Қорқыт бабаның суретін салғанда да түйені қоса бейнелейді. Мұның барлығы Ойсылқара тұқымының қасиетті екенін ұқтырса керек. 

Түйе десе бірден оның сүті ойға оралады. Өйткені шұбат пен қымыранның сан түрлі дертке шипа боларлық қасиеті бар. Бұдан бөлек оның жүнін аяқасты етпейді. Одан тоқылған киімдер жылы әрі денсаулыққа пайдалы болып келеді.

Ел ішінде осы бір жануар жайлы аңыз-әңгіме жетіп артылады. Ұзақ жол мен шөлге шыдамды жануарды керуенге де пайдаланған. Оның осындай қасиеттері ескеріліп, түйе жануары Ұлы Отан соғысына да қатыстырылыпты. Кеңес Одағының Батыры  902-ші полктің командирі, Г.Леневтің естелігінде немістер бұл жануарларды «орыс танкісі»  ретінде санаған деп баяндалады. Зеңбіректерді сүйретіп жүргенін көрген олар түйелерді байқаса бірден атып тастайды екен. Тіпті бір кездері Астраханьдағы жергілікті қазақтардан жиналған 350 түйенің екеуі Берлинге дейін барыпты. Жауынгерлер оларды «Машка», «Мишка» деп атаған көрінеді. Сержант Г.Нестеров пен көздеуші Кармолюк Рейхстагқа түйе сүйреген зеңбірекпен оқ жаудырған.

Мағауия Сембайдың «Орталық Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ойсыл қара тұқымы ойсырамасын» атты мақаласында соғыс біткеннен кейін оларды немістерге сойып беруді көздеген үлкен шенді командирлерге сарбаздар қарсы шығып, қос түйеге араша түскені айтылады. Содан соң бұл түйелерді Мәскеудегі хайуанаттар бағына жөнелтуге шешім қабылданады.

Жазушы Шыңғыс Айтматов «Боранды бекет» рома­ны арқылы қара бураның қасиеті мен атан түйенің киесін тамаша суреттейді. Ақын Сайлаухан Жолановтың «Аруана» атты поэмасында бұл жануарлардың қайда жүрсе де туған жерлеріне қайта оралатыны айтылады. 

Бүгінде бір кездері соғысқа түйе жиналған Астра­хань­да бұл жануарларға арналып ескерткіш орнатыл­ған. Ескерткіштегі қос түйенің бірі шөгіп жатса, екін­шісі батысқа қарап тұр. Шөккен түйенің бауырына «Астра­хань – Берлин» деп жазылған. Осылайша, соғыс­тың аяғына дейін қатысқан қос түйеге құрмет көрсетілген.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: