Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Әрбір азаматтың дауысы маңызды

10.01.2021

5126 0

Еліміздегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Қызылорда қаласындағы кезекті №251 сайлау учаскесі де таңғы 7.00-ден бері сайлаушыларды қабылдап, қызмет көрсетуде. Тіпті, сайлау учаскесінің өкілдері белгілі себеппен келе алмайтын қала тұрғындарының үйіне арнайы барып, дауыс беруге мүмкіндік жасаған.

– Шаһар тұрғындары саяси науқанға белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда. Барлық сақтық шаралары сақталған. Сайлаушылардың дауыс беруіне бар мүмкіндік қаралды. 18 жастағы және қарт сайлаушыларға сыйлықтар үлестірдік. Сондай-ақ, үйден дауыс беруге тіркелген 10 тұрғынның үйіне арнайы өкілдер сайлау жәшігін апарып, олардың да саяси науқаннан қалыс қалмауын назарға алды, – деді №251 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қуаныш Изатуллаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: