Жалағаш ауданында ғасыр жасаған әжей, Бәти Аманбаева №149 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Еңбек ардагері саяси науқанда өз таңдауын жасап, өзгелерге үлгі көрсетті. 102 жастағы Еңбек аулының тұрғыны Бәти Аманбаева 7 баланы тәрбиелеп, 25 немере, 14 шөпшек сүйген.
Жалпы Жалағаш ауданында 26 сайлау учаскесі, 21 мыңнан астам сайлаушы бар. Қазіргі уақытқа дейін сайлаушылардың 36,3 пайызы өз таңдауларын жасады.