Жексенбі, 28 сәуiр, 02:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жеті партияның үкілеген үміті бар

11.02.2023

546 0

Сурет: tv7.kz

8 ақпан күні алдағы сайлауға үміткерлерді ұсыну аяқталды. Бұл сайлауға үкілеген үмітін сайлаған партиялар қатары аз емес. Жеті бірдей партия алдағы сайлауда бақ сынамақ. Сондай-ақ депутат болғысы келетіндер аз емес.

Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша Мәжіліс пен мәслихат сайлауына барлығы 14207 үміткер ұсынылған. Оның 1754-і партиялық тізіммен, қалған 12 453 адам бір мандаттық округтар бойынша сайлауға түспек. Мәжіліс сайлауына 7 партиядан 283 үміткер 69 мандат үшін бәсекеге түседі.

«8 ақпан күні сағат 18-00-де барлық өңірде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға барлық 7 саяси партияны жіберді. Саяси партия партияға мүше болмаған тұлғаны тізімге қосуға құқығы жоқ екендігін еске салғым келеді. Партиялық тізімге қосылған тұлғалар саны саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттың белгіленген санынан 30 пайызға асып кетпеуі тиіс. Бұл ары кеткенде 90 адам, одан төмен де болады. Партиялар партиялық тізім саны қанша болатындығын дербес анықтады», –деп жариялады Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Бұл сайлауда мәслихат депутаттығына тартыс қыза түседі деген болжам бар. Себебі жергілікті мәслихаттарда бір орынға 4,3 үміткерден түсуде. Тағы бір айта кетерлігі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мәслихат сайлауына қатысудан бас тартқан. Бұл партия негізгі күшті Мәжіліске бағыттағанын да жасырмады. Қалай айтқанда да бұл сайлау тартысты өтетін сияқты.

Сонымен, Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады. Оның ішінде партиялық тізім арқылы «Қазақстан ха­лық» партиясынан – 52, «Ақ жол» партиясынан – 54, «Жалпы­­ұлттық социал-демократиялық» партиясынан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан» – 18, «Ауыл» пар­­тиясынан – 25, «Respublica» партиясынан – 25, «AMANAT» партиясынан – 90 кандидат ұсынылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: