Сәрсенбі, 24 сәуiр, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ақтаулық егіз тхэквондо жарысының финалына шығып, жеңімпазды жекпе-жексіз анықтады

17.06.2021

3104 0

Қызылорда облысында ақтаулық егіз қыз тхэквондодан өткен турнирде жекпе-жектен бас тартып, жеңімпазды басқа жолмен анықтауды ұйғарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға егіз Айя мен Сая Кенжеғалилер шыққан. Бірақ олар төбелескен жоқ. Жеңімпаз «тас, қайшы, қағаз» ойыны арқылы анықталды. Бұл «текетіресте» Айя жеңіске жеткен (ол алтын медаль алды). Ал Сая күміс медаль еншіледі.

2010-2011, 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы тхэквондодан республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден аса спортшы қатысты.

Видеоға сілтеме: https://www.instagram.com/p/CQLFAxPhNWF/?utm_source=ig_web_copy_link

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: