Бейсенбі, 28 наурыз, 16:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Азия чемпионаты: жеңіс пен жеңіліс

05.06.2021

3192 0

Жақында ғана Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында бокстан өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Құрлық біріншілігінің жүлделері 10 салмақ дәрежесінде сарапқа салынды. Чемпионатта жігіттеріміз 49 келіден +91 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ал қыздар 48 келіден +81 келіге дейін өз бақтарын сынады. 

Бауырларымыздың бесеуі финалдық бәсекеге жолдама алды. Ақтық сында  75 келі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз Әбілхан Аманқұл мен өзбекстандық Саиджамит Жафаров тартысқа толы жекпе-жек көрсетті. Әбілханның айқын жеңісін төрешілер мойындамай, жеңісті Өзбекстан боксшысына берді. Біздің жігіт қарсыласын нокдаунга түсірсе де соқыр төрешілер бұны байқамады. Әділетсіз шешімге ешкім қарсылық таныта алмады, халық наразылығын білдірді.

Аса ауыр салмақтағы Сыр өңірінің тумасы Қамшыбек  Қоңқабаев финалда  Бахадур Жалоловпен кездесті. Төрешілер өзбекті жеңіске лайық деп тапты. Дәл осы жекпе-жек олардың 7 рет қолғап түйістіруіне мүмкіндік берді. Қамшыбекте осыған дейін 3 жеңіс, Бахадурда да 3 жеңіс болған еді. Бұл жолы өзбекстандық боксшы басым түсті. Бауырымызға сәл ғана сәттілік жетіспей қалды. Дегенмен оның финалға дейінгі жүріп өткен жолы мақтауға тұрарлық. Тәжірибелі бәсекелесіне қарымды қарсылас бола білді. Енді олимпиада төрінде Қамшыбек алтыннан алқа тағады деп үміттенеміз.

Жігіттердің сәтсіздігін қыздарымыздың жеңістері ақтап алды. Финалдық бәсекеде 8 қызымыз алтыннан алқа тақты. Мұндай нәтиже бұрын соңды қазақ спортында болмаған. Азия чемпионатында барлығы жүлделі орындардан көрінді. 51 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған аруымыз Назым Қызайбайдың жекпе-жектері ерекше болды. Ол 6 дүркін әлем чемпионы, олимпиаданың қола жүлдегері  атақты үнді боксшысы Мэри Комды ақтық сында жеңді. Кездесу толық 3 раунд болды. Төрешілер біздің қыздың жеңісін айқын басымды ретінде санады.

Қыздардың нәтижесі жалпы қорытынды есепке әсер етіп Қазақстан алғашқы орынмен турнирді аяқтады. Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаев сұлуларымызды арнайы құттықтап, әлеуметтік желіге жазба жариялады. Азия чемпионаты Токио да өтетін олимпиада ойындары алдындағы дайындық жұмысына пысықтау есебінде өтті. Олимпиада да былғары қолғап шеберлері қателіктермен жұмыс істеп, өздерін жақсы деңгейде көрсетеді деген сенімдеміз. Ендеше, сәттілік, қазақтың күрзі жұдырықты батырлары!

Нұрдәурен ЖӘРДЕМХАН,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
II курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: