Бейсенбі, 18 сәуiр, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Хабиб Нұрмағамедов Қазақстанға келді

17.06.2021

3075 0

Танымал UFC жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмағамедов Алматыға келді.

Спортшы қалада серуендеп жүрген кездегі суреттерін жариялады.

«Алматы, біз келдік. Турнирде кездескенше», – деп жазды ол Instagram-да.

Хабиб Нұрмағамедов сонымен қатар Eagle Fighting Champiomship – EFC 37 аралас жекпе-жектен лигасы бойынша турнир өтетінін, онда арнайы қонақ болатынын айтты.

Онымен бірге тағы бір танымал спортшы Мовсар Евлоев бар. Ол күні кеше 29 жастағы канадалық Хаким Даводуды жеңді.

Евлоевті қазақстандықтар ерекше ілтипатпен күтіп алды.

«Алматылық вайнахтар жылы қарсы алды. Мен үйге оралғандай сезімдемін», – деп жазды спортшы.

Нұрмағамедов пен Евлоев Алматыдағы жарыс жолына да барды.

Спутник Жаңалықтары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: