Сәрсенбі, 06 қараша, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Илья Ильин қазылар Чиншанлоны әділ бағаламағанын айтты

27.07.2021

1016 0

Ауыр атлетика бойынша әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Зульфия Чиншанлоның Токиодағы Олимпиадада қола медальді иеленуіне қатысты пікірін айтты. Сөзінше, қазылар алқасы сайыста әділдік танытпаған. 

“Зульфияның үш мәрте көтерген зіл темірін әділқазылар санамай кетті. Оны қатты басып тастады. Бәлкім, Зульфияның үлкен спортқа оралғанын жақтырмағандар бар болса керек. Бұл – өте жиіркенішті. 123 келі көтергенін есептемей кетті. Тағы бір рет көтерді, басында санады да, кейіннен бұл шешімдерінен айнып қалды. Екінші рет күші жетпеді, жарайды. Бірақ үшінші рет көтеруін қайта ескермей кетті”, – деп жазады Илья Ильин.

Айтуынша, әділқазылар Чиншанлоның бұған дейін допинг дауына ілінгендіктен қысым көрсетуі мүмкін. 

“Егер 93-ті көтерсе, 95-ті де бағындырар еді”, – дейді Ильин. 

Алайда қазылар оның бірінші мәрте зіл көтеруін есептмегендіктен, ол қайта осы салмақты иықтауына тура келген. 

Айта кетсек, Зүлфия Чиншанло 123 келі зілтемір көтеріп, Қазақстанның қоржынына қола медаль әкелді. Оның филиппиндік және қытайлық қарсыластары салмағы 127 және 126 кг зілтемір көтеріп, қазақстандық спортшы қызды басып озды. 

Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: