Сейсенбі, 23 шiлде, 12:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Конор Макгрегор мүгедек арбасында отырып жекпе-жекке шықпақ

02.08.2021

881 0

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор мүгедек арбасында ирландиялық пародист Эль Форанмен жекпе-жек өткізбек. Арбаға таңылған мүгедек сықақшы Стиво Тимоти 11 қыркүйек күні Ирландияда өтетін бокс кешін ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Кештің негізгі айқасында Стиво Тимотидің өзі өнер көрсетеді, тағы бір маңызды жекпе-жек Форан мен Макгрегор арасында болмақ. Айқас стандартты бокс ережесіне сай өтеді. Кештен түсетін барлық қаражат Ирландияның арбаға таңылған мүгедектер ұйымына табысталады.

Еске сала кетсек, 10 шілде күні UFC 264 аралас жекпе-жек турнирі өтті. Оның басты жекпе-жегі Макгрегор мен америкалық Дастин Порье арасында болды. Макгрегор аяғын сындырып алғаннан кейін АҚШ өкілі бірінші раундта жеңіске жетті.

Бұл Макгреордың Порьемен үшінші айқасы болған. 2021 жылдың қыркүйегінде болған бірінші жекпе-жекте ирландиялық америкалықтың бірінші раундта жеңген. 2021 жылдың қаңтарында өткен екінші айқаста Дастин Конорды екінші раундта нокауқа жығып, реванш алған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: