Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 3 турында «Қайсар» сырт алаңда «Тұранмен» кездесті.
Түркістан қаласындағы стадионда өткен ойында командалар бір-бірімен тайталасқа түсті. Ойын соңына таблодағы есеп өзгеріссіз тұрған еді.
Тоқсан минут түгесілген тұста алаң иелері сапынан Темірлан Әміров мергендік танытты. Арада екі минут өткенде қызылордалық жартылай қорғаушы Арман Кеңесов «Тұран» қақпашысы А. Пасеченконы қапы қалдырып, таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу барысында 1:1 есебі тіркелді.
Қызылордалық клуб жаңа маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Енді «Қайсар» 9 сәуірде өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!