Сәрсенбі, 17 сәуiр, 03:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Дала қасқырларын» қандай өзгеріс күтіп тұр?

05.12.2020

1099 0

Апта басында футболдан Қазақстан біріншілігі соңғы ойындарын өткізіп, биылғы маусымды аяқтады. Бұл сында қызылордалық «Қайсар» 6 жеңіс, 6 тең, 8 жеңіліс көрсеткішімен 24 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 7-ші орынға тұрақтады. Биылғы маусым «қасқырлар» үшін сәтті маусым болды деп айта алмаймыз. Жыл басында команда алдына үздік алтылыққа ену жоспары қойылған еді. Алайда Стойчо Младенов жат­тықтырған команда бұл межені бағындыра алмады. Сондық­тан болгар маманы қыз­метінен кетуге мәжбүр. Енді  қызылордалық «Қайсарды» ке­лер жылы жергілікті бапкер жаттықтырады деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қыз­метінде өткен брифингте об­лыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов мәлімдеді.

– Қазіргі таңда бапкерлік қызметке үш үміткер бар. Атап айтсақ, осы уақытқа дейін «Қайсардың» аналитик жаттықтырушысы қызметін атқарған Қанат Шерімбетов, «Байқоңыр» командасының бас бапкері Ерлан Шойтымов және жергілікті жаттықтырушы Сұлтан Әбілдаев бар. Осы үш бапкердің жұмыс жоспарын анықтап, лайықтысын жауапты қызметке тағайындаймыз. Жер­гілікті мамандар Премьер-лигада команданы жақсы нәтижеге жетелейтініне се­німмен қарай­мын, – деді басқарма басшысы. Сонымен қатар «Қайсар» футбол клубының жаңа маусымдағы бюджеті 1 млрд 600 млн теңге болады деп жоспарлануда. Ко­манданың 60 процентін жергі­лікті ойыншылар құрайтын болады.

– Бас бапкер тағайындал­ғаннан кейін «Қайсар» фут­бол клубы жаңа маусымға дайындығын бастайды. Коман­даның негізгі фронтын жергі­лікті ойыншылар құрайды. Бүгінде Думан Нәрзілдаев, Ілияс Әмірсейтов, Нұрымжан Салайдын, Шоқан Абзалов, Иван Граф, Марсель Ислам­құловпен келер жылға келісім шартымыз бар. Сондай-ақ Александр Марочкин, Бағдат Қайыров, Александр Заруцкий, Элгуджа Лобжанидзе секілді футболшылармен келіссөздер жүргізудеміз, – деді клуб директоры Серік Досманбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: