Дүйсенбі, 11 мамыр, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан әскери қызметшілері дзюдодан халықаралық стандарт бойынша дайындалады

11.05.2026

35 0

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Астанада Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесті, – деп хабарлайды KAZINFORM

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, келіссөз қорытындысында Қазақстан Қарулы күштері жүйесінде дзюдоны дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

– Құжат Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындары мен колледждерінің білім беру бағдарламаларына халықаралық дзюдо жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді көздейді. Сонымен қатар дзюдо элементтері Қарулы күштер әскери қызметшілерінің дене даярлығы сабақтарына да енгізіледі, – делінген ведомство хабарламасында.

Жоба аясында материалдық-техникалық базаны нығайтуға да ерекше көңіл бөлінеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының және «Жеңіс» клубының қолдауымен әскери білім беру ұйымдарын татами, спорттық құрал-жабдықтар және кимономен қамтамасыз ету жоспарланған.

Сонымен қатар курсанттар мен кадеттер арасында дзюдо лигаларын құру көзделіп отыр. Тараптардың пікірінше, мұндай бастама спортшылардың техникалық шеберлігін арттырып, бәсекелестікті дамытуға және дзюдоны кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазақстан дзюдо құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысын тарихи нәтижемен аяқтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: