Жексенбі, 17 мамыр, 14:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында сегіз алтын медаль жеңіп алды

17.05.2026

38 0

Фото: olympic.kz

Бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өткен U17 санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық боксшылар 17 жасқа дейінгілер арасында сегіз алтын, үш күміс, бес қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын медальді Нұрасыл Ғалым (50 келіге дейін), Хатшепсут Садвакасова (50 келіге дейін), Эмир Мухит (60 келіге дейін), Аяулым Оспанова (60 келіге дейін), Диана Надырбек (75 келіге дейін), Әлібек Алпамыс (80 келіге дейін), Сабыржан Сағым (80 келіден жоғары), Жансая Ержан (80 келіге дейін) жеңіп алды.

Балым Ғабитқызы (60 келіге дейін), Мейіржан Жүніс (63 келіге дейін), Ислам Сулейманоглы (66 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Милана Иншина (46 келіге дейін), Бекхан Уразбай (52 келіге дейін), Нұрислам Оңалбек (57 келіге дейін), Розалия Вайдеман (57 келіге дейін), Айлин Ходжамбердиева (70 келіге дейін) қола медальға ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: