Бейсенбі, 25 сәуiр, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қытай Қазақтан қорқып, күресуден бас тартты

13.04.2021

8915 0

Қазақстандық палуан Нұрсұлтан Тұрсыновпен белдесуден қытайлық Фэн Пей бас тартқан соң отандасымыз алтын жүлдені иеленді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз бөлімі хабарлады.

«Греко-рим күресі бойынша Алматыда өтіп жатқан бәсекеде Нұрсұлтан Тұрсынов алтын медальді белдесусіз-ақ жеңіп алды. 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен палуандардың финалдық тартысында Қытай спортшысы Фей Пэн жарыстан  шығатынын хабарлады», – делінген хабарламада.

Аталған салмақ дәрежесінде қола медальді Джинхеок Ким (Оңт. Корея) және Масато Суми (Жапония) қанжығаға байлады.

«Бұған дейін Тұрсынов командаға Олимпиадаға жолдама әкелген еді», – деп хабарлайды ҰОК баспасөз бөлімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: