Жексенбі, 05 мамыр, 22:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді

28.04.2021

8385 0

 Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 29 сәуір – 1 мамыр аралығында Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мəнерлеп сырғанаудан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді.

Ел мақтанышының жүлдесіне арналған биылғы жарыс бесінші мәрте ұйымдастырылуда.

Республикалық турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және облыс орталықтарынан 10 команда қатысады.

Дүбірлі сайыста 5-18 жас аралығындағы спортшылар қысқа жəне еркін бағдарламаларда өнер көрсетеді.

Турнирдің құрметті қонағы ретінде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева қатысады.
Бас төрешілік қызметті халықаралық дәрежедегі төреші Айгүл Қуанышева (Алматы қаласы) атқарады.
Айта кетейік, жарыс карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендерсіз өткізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: