Жұма, 29 наурыз, 18:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық спортшы пара пауэрлифтингтен Әлем кубогінің жеңімпазы атанды

08.05.2021

6783 0

Бангкок қаласында (Тайланд) пара пауэрлифтингтен өтіп жатқан Әлем кубогінде Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсеткен қызылордалық Станислав Шакиев жеңімпаз атанды.

Жарыстың бірінші күнінде 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сыр спортшысы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Токио -2021 Паралимпиада ойындарына лицензия алу үшін Станислав маусым айында Дубай қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады.

Станислав Шакиев – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2 дүркін Қазақстан жеңімпазы, Қызылорда облысының мүгедектерге арналған спорт клубының спортшысы.

Оның бапкерлері облыстың аға жаттықтырушысы Бахытбек Рысбаев және жаттықтырушы Мырзағали Ермаханов.

Жалпы жарысқа 9 елден 60 -тан аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын бес спортшы қорғауда.

Айта кетейік, Әлем кубогі 8 мамырға дейін жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: