Сәрсенбі, 24 сәуiр, 08:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық Темірлан Якияев Элизабет Тұрсынбаева турнирінің жеңімпазы атанды

02.05.2021

7315 0

Қызылорда қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін өтіп жатқан республикалық турнирде қызылордалық Темірлан Якияев облыс құрамасының қоржынына алтын медальді салды.

Ол I спорттық разряд бойынша 2011-2012 жылдары туылған спортшылар арасында өнер көрсетіп, жеңістің биік тұғырына көтерілді. Бес жасында мәнерлеп сырғанау спортына келген жасөспірім спортшы бұған дейін республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанған.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге республикамыздың аймақтарынан 5-18 жас аралығында 200-ден аса спортшылар бақ сынасуда.

Турнирдің құрметті қонағы ретінде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне қатысты.

Жарыс карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендерсіз өткізілуде.

Дүбірлі дода 1 мамыр күні аяқталады. Жарыс күнінің кестесіне сәйкес спортшылар сағат 11.30-20.00 аралығында еркін бағдарламада мұзда өнер көрсетеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: