Сенбі, 20 сәуiр, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық зілтемірші Айсамал Сансызбаева әлем чемпионы атанды

31.05.2021

2513 0

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айсамал Сансызбаева алтын медаль жеңіп алды.

Ол 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді. Айсамал қоссайыс қорытындысы бойынша 258 (113+145) келіні бағындырды.Айта кетейік, кеше ғана Сыр спортшысы Рахат Бекболат (175+202=377) Әлем чемпионы атанған болатын.Айсамал былтырғы жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 2 мəрте алтын медаль алса, Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының жеңімпазы атанған.

Айсамал Сансызбаева – Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды. Жаттықтырушылары – Арман Абдраев, Нұрсұлтан Бахрадин, Мұхаммед Тұрысбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: