Бейсенбі, 18 сәуiр, 23:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорданың үш спортшысы Токио олимпиадасына қатысады

23.06.2021

2895 0

Биыл Сыр елінен үш спортшы Токиода өтетін Олимпиадаға қатысады. Дүбірлі дода үстіміздегі жылдың 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

– 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков 65 келі салмақта күміс жүлде иеленіп, Токионың алғашқы жолдамасын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, 2020 жылы Иордания астанасы – Амманда бокстан өткізілген лицензиялық турнирде Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта қола жүлдені иеленіп, облыстан екінші жолдаманы иеленді. Ал үстіміздегі жылдың 11-13 маусым күндері Францияның Париж қаласында каратэден өткен лицензиялық турнирде Мөлдір Жаңбырбай 55 келі салмақта күміс жүлдені еншілеп, үшінші жолдаманы жеңіп алды. Қазіргі таңда спортшылар соңғы жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Содан кейін Токиоға аттанады, – деді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов.

– Ең бірінші мені қолдаған Сыр жұртына алғысымды білдіремін. Екі жыл демалыссыз дайындалғанның арқасында Париж қаласында өткен жарыста күміс жүлдегер атандым. Енді алдағы Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға дайындық жұмыстарын бастайтын боламыз. Ел үмітін ақтаймын деген сенімдемін, – деді ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мөлдір Жаңбырбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: