Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Шахматтан турнир басталды

18.05.2021

5284 0

Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Достық үйінде шахматтан турнирдің ашылу салтанаты болды.

Тарихи астана атанған Қызылорда, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының  шахматтан білім беру және зияткерлік турнирінің ашылу салтанатына «Западный поток» жобасы қамқорлық кеңесінің төрағасы Жомарт Көшербаев, облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, Азия және Әлем чемпионы Әсел Серікбай қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 «Западный поток» жобасы аясындағы турнирдің мақсаты – мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Мамырдың 17-не басталып, 19-шы жұлдызына дейін жалғасатын шахмат турниріне өңірлердегі мектеп және этномәдени бірлестіктің оқушылары қатысуда. Барлығы 10 команда болса, әр топта 4 оқушыдан. Жүлделі жеңімпаз команда «Достық-2021» турнирінің кубогімен марапатталады деп күтілуде.

 Айта кету керек, бұқаралық спортты дамытуда білім саласына мемлекеттік емес ұйымдарда әріптес ретінде ат салысып, мемлекет саясатын жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқарып келеді.  Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ішкі Істер министрлігінің «Динамо» денешынықтыру- спорт қоғамы орталық кеңесі де елеулі үлес қосып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан жас ұрпақтың тұрақты дамуының негізі ретінде ұсынылған аспектілерді басты назарға ала отырып Қызылорда облыстық білім басқармасымен аталған мекемелер арасында «Западный поток» оқу – зияткерлік жобасы қолға алынып өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде үлкен жұмыстар атқаруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: