Бейсенбі, 26 желтоқсан, 12:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Sport.kz порталы «Барыс» құрамасын «Қазақ колхозы» деген ақпарат таратқан

02.11.2024

1754 0

«Қазақ колхозы» деген атаумен ақпарат таратқан порталдың әрекеті сынға қалды. Осындай желеумен SportKz порталы астаналық «Барыс» құрамасына қатысты ақпарат таратқан, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл жайлы депутат Мұрат Әбенов жазды.

“ҚАЗАҚТЫҢ КОЛХОЗЫ” деп ұлтымыздың атауымен мазақ қылып тақырып қойыпты sportKz отандық басылым. Қандай мақсатпен жазса да бұны этносаралық арандату деп бағалауға болады. 

ҚР Ақпарат министірі Aида Балаева  тез арада шара кабылдау міндетті. Сонымен қоса ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК заң талаптарына сәйкес басылым басшыларын жауапқа тарту керек.

Мемлекеттің атауын жазса “казахстанский” болар еді, “казахский” деу ол ұлтымыздың атауы, бүкіл этносқа тіл тигізу. “Колхоз” құрылымы да Қазақ еліне көп қасірет әкелген Коммунисттік идеология құралы, ашаршылық сол коллективизациядан басталған. Колхозға күштеп кіргізіп, еркін жүріп тұратын көшпенді халықты азаматтық құқықтарын шектеп, малдарын тартып алып, тек бір мекемеге тегін, құлдық деңгейде мәжбүрлеп жұмыс жасату құралы. “Қазақ колхозы” деу қоғамдық – саяси астары бар теңеу. Сонда бұл спорт саласымен айналысатын БАҚ этносаралық мәселеге ойланбай қате кіріскен бе, әлде қасақаңа арандату мақсаты бар ма?

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: